Қазақстандағы гобелен өнерінің негізін қалаушылардың бірі, суретші Бәтима Зәуірбекова – ұлттық бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерге өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Ол Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көптеген облыстық және халықаралық көрмелердің қатысушысы әрі жеңімпазы.Бәтима Зәуірбекованың есімі өнерсүйер қауымға Қазақстандағы гобелен өнерінің негізін қалаушы ретінде кеңінен таныс. Ол – еліміздегі гобелен картиналарын жасаған тұңғыш әйел суретші. Оның...